Мәзір
20 шілде, 2026 / BuginMedia / Әлемде

Энди Бернэм Ұлыбританияның премьер-министрі атанды

Энди Бернэм ресми түрде Ұлыбританияның премьер-министрі қызметіне кірісті, деп хабарлайды buginmedia.kz Reuters-ке сілтеме жасап.

Энди Бернэм Ұлыбританияның премьер-министрі атанды Энди Бернэм Ұлыбританияның премьер-министрі атанды
Фото @andyburnhamgm Instagram

Букингем сарайында король ІІІ Чарльз оған жаңа үкіметті жасақтауды тапсырды. Бернэм монархтың ұсынысын қабылдады. Бұған дейін бұрынғы премьер-министр Кир Стармер корольмен кездесіп, отставкаға кету туралы өтініш берген.

Энди Бернэм биліктегі Лейбористік партия жетекшілігіне жалғыз кандидат болды. Ол соңғы он жыл ішінде Ұлыбританияны басқарған жетінші премьер-министр атанды.

Даунинг-стриттегі резиденция алдында сөйлеген алғашқы сөзінде Бернэм ел саясатына тұрақтылық әкелуге және соңғы 40 жылдағы саяси әрі экономикалық жүйедегі ең ауқымды реформаларды жүзеге асыруға уәде берді.

Жаңа премьердің айтуынша, 21 шілдеде ол өмір сүру құнының қымбаттауына байланысты халықты қолдаудың алғашқы шараларын ұсынып, оларды қаржыландыру тетіктерін түсіндіреді. Сонымен қатар биыл Ұлыбританияны дамытудың он жылдық жоспарын таныстыруды көздеп отыр.

Бернэм үкімет басшысы ретіндегі алғашқы тапсырмаларының бірі ретінде көшедегі баспанасыздық мәселесін шешуді атады. Сондай-ақ ол мемлекеттік сатып алуларды британдық өнеркәсіпті қолдау құралы ретінде пайдалануды жоспарлап отыр.

Энди Бернэм алғашқы болып телефон арқылы сөйлесуді жоспарлаған шетелдік көшбасшылардың қатарында АҚШ президенті Дональд Трамп пен Украина президенті Владимир Зеленский бар. Ол Ұлыбританияның Украинаға көрсететін қолдауы өзгермейтінін де мәлімдеді.

Апта талқысында:

Buginmedia.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламалар алыңыз және сүйікті айдарларды оффлайн да бақылаңыз.

Buginmedia экран 1 Buginmedia экран 2