Маусым айының қорытындысы бойынша үздік нәтиже көрсеткен курьер – Елбосын Құрышбайұлы. Ол бір ай ішінде жаяу жүріп 234 тапсырысты сәтті орындаған. Компания бұған дейін уәде еткендей, оған 1,2 миллион теңге көлемінде сыйақы табыстады.
Арсен Томскийдің айтуынша, Елбосын қазіргі уақытта қаржылық қиындықтарды бастан өткеріп жүр. Сондықтан бұл марапат оған аса қажет кезінде бұйырған.
«Ол қандай қиындық кездессе де мойымай, аянбай еңбек етіп, өміріндегі қиын кезеңнен шығуға тырысып жүр. Осындай жеңістер дәл осындай еңбекқор адамдарға қажет әрі олар бұған әбден лайық», – деді компания басшысы.
Айта кетейік, Forbes Kazakhstan журналының мәліметінше, Арсен Томскийдің дәулеті 685 миллион долларға бағаланып, еліміздегі ең бай 75 кәсіпкердің рейтингінде 12-орында тұр. Бұған дейін кәсіпкер өзі де кейде курьер болып жұмыс істейтінін айтқан болатын.