Мәзір
Бүгін, 19:01 / BuginMedia / Жаңалықтар

Түркістан облысында 7 күн бұрын із-түзсіз әйел мен 4 баласына қатысты тың дерек шықты

Түркістанда жеті күн іздеуде болған анасы мен төрт бала табылды, деп хабарлайды buginmedia.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Түркістан облысында 7 күн бұрын із-түзсіз әйел мен 4 баласына қатысты тың дерек шықты Түркістан облысында 7 күн бұрын із-түзсіз әйел мен 4 баласына қатысты тың дерек шықты
Фото: polisia.kz

Толығырақ

Түркістан облысының Отырар ауданында жергілікті тұрғын жұбайының төрт баласымен бірге жеті күн бұрын үйден шығып кетіп, хабар-ошарсыз жоғалғаны туралы полицияға арызданды.

Аталған дерек бойынша Түркістан облысы полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы мен Отырар аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері бірлесіп, жедел іздестіру жұмыстарын ұйымдастырды.

Із-түзсіз жоғалған әйелдің жанында жастары 6, 5, 3 жас және 10 айлық төрт баласы болған. Полицейлер ауданның кіреберісі мен шығаберіс бағыттарына бақылау бекеттерін қойып, автокөліктерді тексерді. Сонымен қатар көршілес өңірлерге арнайы бағдарламалар жолданып, іздестіру шаралары күшейтілді. Анасы мен балаларды аман-есен табуға бағытталған кешенді жедел іс-шаралар үздіксіз жүргізілді.

Нәтижесінде іздеуде жүрген әйел төрт баласымен бірге таксимен келе жатқан жерінен анықталып, полиция бөліміне жеткізілді.

Тексеру барысында әйелдің жұбайымен арада туындаған тұрмыстық келіспеушіліктен кейін ренжіп, балаларын және жеке құжаттарын алып, Шымкент қаласына кеткені белгілі болды. Онда ешкімге ескертпестен пәтер жалдап тұрғаны анықталды. Қазіргі уақытта жақын туыстары шақырылып, полиция қызметкерлері тарапынан профилактикалық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Нәтижесінде отбасы мүшелері өзара татуласып, үйлеріне аман-есен оралды. Полицейлер іздестіру жұмыстарына қолдау көрсеткен барлық азаматтарға алғыс білдірді.

Айта кетейік, бұған дейін Түркістан облысында әйел адам төрт баласымен бірге жоғалып кеткені туралы хабарланған болатын

Апта талқысында:

Buginmedia.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламалар алыңыз және сүйікті айдарларды оффлайн да бақылаңыз.

Buginmedia экран 1 Buginmedia экран 2