Жаңалықтар

Блогерлер Ерболат Жанәбілов пен әйелі Эльмира Төлегеноваға сот үкімі шықты

27 сәуірде Астана қаласында блогер Ерболат Жанәбілов пен әйелі Эльмира Төлегеноваға қатысты сот үкімі жарияланды, деп хабарлайды buginmedia.kz.

Эльмира Төлегеноваға мүлкін тәркілей отырып, 2 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің ең төменгі қауіпсіздік мекемесінде өтеу белгіленді. Сонымен қатар жазаны орындау 2 жылға кейінге қалдырылды.

Бұл оған нақты жаза берілгенін білдіреді, алайда ол колонияға бірден жіберілмейді.

Ал Ерболат Жанәбіловке мүлкін тәркілеумен бірге екі жылға шартты түрде бас бостандығынан айыру жазасы кесілді.

Айта кетейік, бұған дейін прокурор мәміле шарттары аясында Ерболат Жанәбіловке екі жыл шартты жаза тағайындауды, ал Эльмира Төлегеноваға жазаны орындауды екі жылға шегере отырып, екі жылға бас бостандығынан айыру жазасын сұраған болатын.