Шоу-Бизнес

"Армандарымен бөліскен еді": Дина Төлепберген марқұм Құрманай Бақтиярқызымен соңғы кездесу туралы айтты

Тележүргізуші Дина Төлепберген марқұм ақын Құрманай Бахтиярқызымен соңғы рет дастархан басында кездесіп, сұқбтқа шақырғанын айтты, деп хабарлайды buginmedia.kz.  

Айтуынша, соңғы рет жақында Шымкентте кездескен.

“Толғанай, Алматының түндері-ай, Жаяу, Вокзалда қауышқан қыз” тағы да көптеген хит ән мәтінінің авторы: Құрманай Бахтиярқызы жайлы өткен шақта естелік айту - өкінішті.
Жақында ғана Шымкентте бір дастарханда сүбелі сөздеріне тамсанып, таңдай қаққан едік. Ашық-жарқын Құрманай ханым алдағы армандарымен бөліскен еді.
Тіпті, сұқбатқа қайта шақыруды ұсынғанда келетінін айтқан еді… Бірақ енді ол мүмкін емес…

Сақтай білсек сергелдеңде сабырын,
Тура жолға бағыттайды Тәңірім!
Мына өмірде біз білмейді екенбіз,
Тірі адамның қадірін…

Құдайым жаныңызды жәннаттан етсін, Қазақтың қаламы қарымды Құрманайы", - деп жазды ол.

Айта кетейік, кеше белгілі ақын, сазгер, асаба, Мәдениет саласының үздігі, көркем сөз оқу шебері Құрманай Бақтиярқызы өмірден өтті.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от DINA TOLEPBERGEN (@dina_tolepbergen)