Мәзір
28 қазан, 2024 / BuginMedia / Жаңалықтар

Ақын, сазгер Құрманай Бақтиярқызы өмірден өтті

Белгілі ақын, сазгер, асаба, Мәдениет саласының үздігі, көркем сөз оқу шебері Құрманай Бақтиярқызы өмірден өтті, деп хабарлайды buginmedia.kz.

Ақын, сазгер Құрманай Бақтиярқызы өмірден өтті Ақын, сазгер Құрманай Бақтиярқызы өмірден өтті
Фото: әлеуметтік желіден

Бұл туралы әнші Қайрат Нұртастың анасы, продюсер Гүлзира Айдарбекова хабарлады. 

"Жаным Құрмашым, әлі сенер емеспін, жақсы адамым! Жаның жәннатта болсын! Жақында ғана Құрмашым телефон соғып, дауысы саңқ ете қалды. "Гүлім менің, саған арнап жаздым, WhatsApp оқышы деп жіберіп еді. Қоштасқың келіп, айта-айта жүрсін дедің ба екен", - деп жазды продюсер Instagram-дағы парақшасында. 

Құрманай Бақтиярқызы көпшіліктің ықыласына бөленген бірқатар әннің авторы. Атап айтсақ, Асқар Жүнісбековтың орындауындағы "Толғанай", Серік Ибрагимовтың "Вокзалда қауышқан қыз", "Жаяу", "Алау" тобының орындауындағы "Гүл әпше", Кәмшат Жолдыбаеваның "Сүйіктім", Алтынай Жорабаеваның "Ух, ах, ох, пах" әндеріне және т.б. сөз жазған.

Апта талқысында: