Мәзір
3 қыркүйек, 2025 / BuginMedia / Жаңалықтар

Шымкентте мәслихаттың бұрынғы депутатына іздеу жарияланды

Шымкент қалалық мәслихатының бұрынғы депутаты Қуаныш Дәулеталиевке іздеу жарияланды. Бұл ақпарат құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдарының порталында жарияланды,  деп хабарлады buginmedia.kz.

Шымкентте мәслихаттың бұрынғы депутатына іздеу жарияланды Шымкентте мәслихаттың бұрынғы депутатына іздеу жарияланды
Фото: gov.kz

Ресми дерекке сәйкес, Дәулеталиев іздеуде бір күннен бері жүр. Ол – 48 жаста, Қазақстан азаматы, ұлты қазақ. Іздеу ісі 2025 жылғы 2 қыркүйекте Шымкентте тіркелген. Іздеуді бастаған орган – Тұран ауданы полиция басқармасы, ал бастамашысы – сот.

Шымкент мәслихатының ресми сайтында Дәулеталиев Қуаныш Әмірсейітұлы депутат ретінде әлі де көрсетілген.

Ашық дереккөздердегі мәліметке сай, ол 1976 жылғы 2 желтоқсанда Шымкент қаласында дүниеге келген. 1993 жылы №66 жалпы орта мектепті тәмамдаған. Кейін 2010-2014 жылдары аймақтық әлеуметтік-инновациялық университеттің заң факультетінде білім алып, «заңгер» мамандығын алған.

Еңбек жолында кәсіпкерлікпен айналысқан. 2009-2015 жылдары «Сенім-Құрылыс» ЖШС-де коммерциялық істер жөніндегі директордың орынбасары қызметін атқарған. 2015 жылдан бастап «БОИНИС КС» ЖШС директорының орынбасары болған. Сонымен қатар жеке кәсіпкерлікпен шұғылданған.

Қазіргі таңда оның қайда екені белгісіз, істің мән-жайы тергеу барысында анықталмақ.

Апта талқысында:

Buginmedia.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламалар алыңыз және сүйікті айдарларды оффлайн да бақылаңыз.

Buginmedia экран 1 Buginmedia экран 2