Бұл ақпаратты Ақмола облысының полиция департаменті растады. Оқиға кеше, 20 тамыз күні Біржан сал ауданындағы Үлгі ауылында болған.
«Біржан Сал ауданының полиция бөлімінің қызметкерлері найзағай соғуы салдарынан 2015 жылы туған баланың қайтыс болуы және 2010 жылы туған баланың жарақат алу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады», — деп хабарлады полиция.