Мәзір
7 тамыз, 2025 / BuginMedia / Жаңалықтар

Атырауда 80 жастағы қария сот арқылы 8 баласынан алимент өндірді

Атыраулық 80 жастағы зейнеткер сегіз баласы мен бір немересінен асырап-бағу үшін олардан алимент төлеуді талап етіп, сотқа шағым түсірген, 

Атырауда 80 жастағы қария сот арқылы 8 баласынан алимент өндірді Атырауда 80 жастағы қария сот арқылы 8 баласынан алимент өндірді
Фото: istockphoto.com

Талап қоюында зейнеткер 10 жылдан астам уақыт жалғыз тұратынын көрсеткен. Туыстарының ішінде бір ұлы ғана хабарласып тұрса, қалған балалары мен немересі ешқандай материалдық, моральдық қолдау көрсетпеген.

Зейнеткердің айтуынша, денсаулығы мен материалдық жағдайының нашарлауына байланысты ол туыстарының көмегіне зәру.

«Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Кодекстің 145-бабының 1-тармағына сәйкес кәмелетке толған еңбекке қабілетті балалар көмекке мұқтаж еңбекке жарамсыз ата-аналарын асырауға және оларға қамқорлық жасауға міндетті.

Кодекстің 153-бабына сәйкес, көмекке мұқтаж еңбекке жарамсыз аталар мен әжелер өздерінің кәмелетке толған еңбекке қабілетті балаларынан немесе жұбайынан (бұрынғы жұбайынан) алимент алу мүмкін болмаған жағдайда, еңбекке қабілетті кәмелетке толған немерелерінен алимент алуды сот тәртібімен талап етуге құқылы.

Атырау қалалық соты тараптардың әрқайсысының материалдық және отбасылық жағдайына талдау жасап, талап қоюшының талаптары ішінара қанағаттандыруға жатады деген қорытындыға келді.

Сот зейнеткердің тамағы мен дәрі-дәрмегі үшін 8 баласы мен немересінің әрқайсысынан 3 АЕК мөлшерінде алимент өндірді.

Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.

Апта талқысында: