Мәзір
6 тамыз, 2025 / BuginMedia / Білім

Грант иегерлерінің тізімі 7 тамызда жарияланатын болды

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек мемлекеттік грант иегерлерінің тізімі 7 тамызда жарияланатынын мәлімдеді, деп хабарлайды buginmedia.kz.

Грант иегерлерінің тізімі 7 тамызда жарияланатын болды Грант иегерлерінің тізімі 7 тамызда жарияланатын болды
Фото: Ru.freepik.com

"Күні кеше ғана мемлекеттік білім беру гранттарын тағайындау жөніндегі республикалық комиссия отырысы аяқталды. Сәйкесінше, сіздер тағатсыздана күткен мемлекеттік грант иегерлерінің тізімі ертең, яғни 7 тамыз жарияланатындығын қуана хабарлаймын", - деп жазды ол әлеуметтік желіде.

Министр грант нәтижесін білуге болатын бірнеше сілтемені де жариялады:

https://t.me/SayasatNurbek

https://t.me/gylym_jogary_bilim

https://www.gov.kz/memleket/entities/sci?lang=kk

testcenter.kz

"Қадірменді көпшілік, биыл елімізде Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойы аталып жатқандығы баршаңызға мәлім. Баршаңызды айтулы мерекемен құттықтай отырып, ғылымды сүюге, білімге құштар болуға шақырамын! Кемеңгер ойдың кемесі – Абайды тануға үндей отырып, бұл челленджді әріптестеріме, барлық талапкер мен ғылым сүйер жастарға жолдаймын!", - дейді министр сөз соңында.

Апта талқысында: