Мәзір
27 шілде, 2025 / BuginMedia / Спорт

UFC: Асу Алмабаев төрешілер шешімімен қарсыласын жеңді

 Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Асу Алмабаев (21-3-0) Біріккен Араб Әмірліктерінің астанасы Абу-Даби қаласында UFC турнирінде шаршы алаңға көтеріліп, қарсыласынан басым түсті, деп хабарлайды buginmedia.kz inform.kz-ке сілтеме жасап.

UFC: Асу Алмабаев төрешілер шешімімен қарсыласын жеңді UFC: Асу Алмабаев төрешілер шешімімен қарсыласын жеңді
Фото: instagram.com/ufc

Жекпе-жек үш раундқа созылып, қазақстандық файтер төрешілер шешімімен жеңіске жетті.

Айта кетерлігі, бұл Асу Алмабаевтың UFC турниріндегі алтыншы жекпе-жегі. Ол осыған дейін төрт айқасында жеңіске жетіп, соңғы жекпе-жегінде жеңіліс тапқан болатын.

- Ер жігіттің басына не келіп, не кетпейді. Міне, қазақтың көк туын тағы желбіретіп жатырмын. Очо, көп рақмет, қысқа уақытта жекпе-жекті қабылдағаныңа. UFC-де оңай қарсылас жоқ. Отбасыма және командама көп рақмет, - деді спортшы айқастан кейін.

Қазақстандық спортшы 2 наурызда Лас-Вегаста (АҚШ) өткен UFCVegas 103 кешінің басты жепе-жегінде португалиялық файтер Манель Капеден (20-7-0) жеңілген.

24 жастағы перулік Хосе Очоа (8-1-0) UFC-де екі жекпе-жек өткізіп, соңғы жекпе-жегінде америкалық спортшы Коди Дарденді (17-8-1) екінші раундта техникалық нокаутпен жеңген.

 

Апта талқысында: