Мақалада жанкүйерлер Канелоның мықтылығын Дэвид Бенавидеспен айқаста дәлелдегенін көргісі келетіні айтылған. Алайда ол күрделі қарсыластардан қашып, Хамза Шираз немесе Крис Юбэнк сияқты жеңіл қарсыластарды таңдауы мүмкін деген пікір білдірілген.
«Егер Канело Бенавидеспен жекпе-жекке шығуға батылы жетпесе, онда ол Жәнібек Әлімханұлымен кездесуі тиіс. Бірақ Альварес бұл ұсынысты қабылдамауы да мүмкін, себебі Жәнібек – қауіпті қарсылас. Ол қарт емес, жас әрі деңгейі жоғары», – деп жазады басылым.