«Бас прокурор Берік Асыловтың тапсырмасы бойынша азаматтардың жеке деректерінің таралу фактісі бойынша Қылмыстық кодекстің 147-бабы (жеке өмірге қолсұғушылық) бойынша қылмыстық іс тіркелді», - дейді бас прокурордың орынбасары Ғалымжан Қойгелдиев.
Істі тергеу Ішкі істер министрлігіне жүктелген.
Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиевтің түсіндіруінше, ол деректер – осыған дейін қолды болған ақпарат. Біреу сол ақпараттарды жинап, қайта таратқан. Жаңа деректердің ұрлануына қатысты жағдай тіркелген жоқ деп атап өтті.