Шерзат ісі: сотталғандардың арасында кім рақымшылыққа ілінуі мүмкін?
Депутат, заңгер Абзал Құспан Шерзат Полаттың өліміне кінәлі деп танылғандар ішінде кім рақымшылыққа ілігуі мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды buginmedia.kz.
Айтуынша, адам өліміне себеп болған қылмысты жасағандарға рақымшылық жасалмайды. Бұл істе қылмысты хабарламау бабы бойынша істі болғандар рақымшылыққа ілігуі мүмкін.
Шерзаттың өліміне кінәлі деп танылып, сотталған 9 адамның ішінде қылмысты хабарламағаны үшін кәмелетке толмамаған Думан Ысқақ 1,5 сотталған болатын.Демек, оған рақымшылық жасалуы мүмкін.
Бұған дейін депутат Абзал Құспан қанша адам рақымшылыққа ілігетінін айтқан болатын.