Сот барысында 22 жастағы азамат пен қыз бастапқыда бірге кетуге келісіп, бірақ жолда жанжал туындағаны белгілі болды. Кейін бойжеткен көліктен түсіп кеткен. Алайда жігіт ашуланып, оны қайтадан көлікке күштеп мінгізіп, үйіне апарған.
Сотта жәбірленуші жігітінің әрекетіне шағымы жоқ екенін айтты.
Атырау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында бұл іс Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 434-бабының 1-бөлігі («Ұсақ бұзақылық» – қоғамдық орындарда әдепсіз сөздер айту және дөрекі мінез-құлық) бойынша қаралды.
Сот азамат Е.-нің кінәсін мойындағанын және өкінгенін ескеріп, оған 78 600 теңге көлемінде айыппұл салынды.
Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.
Еске салсақ, Атырауда көшеде айғайлап жатқан қызды көлікке күштеп мінгізген сәтін куәгер видеоға түсіріп, полицияға хабарлаған.