Ұлттық аэронавтика және ғарыш кеңістігін зерттеу басқармасының (NASA) мамандары Тохо университетінде жұмыс істейтін жапон ғалымдарымен бірге ақырзаманның нақты қай жылы болатынын анықтаған.
Зерттеу нәтижесі Nature Geoscience ғылыми журналында жарияланды. Зерттеу мәліметіне сәйкес, күн радиациясы миллиард жылдан кейін Жердің атмосферасын толығымен жояды. Ғалымдардың болжамынша, 1 000 002 021 жылы ақырзаман болады.
Мамандар зерттеудің дәлдігіне көз жеткізу үшін жерде қай кезде тіршілік жойылатынын кем дегенде 400 мың рет есептеген. Сонымен ғалымдар ақырзаманға атмосферадағы барлық оттегінің буланып кетуі себеп болады деген қорытындыға келген.