Мәзір
4 ақпан, 2025 / BuginMedia / Әлеумет

Үрейге бой алдырмаңыздар! ТЖМ 11 өңірдің тұрғындарына үндеу жасады

«Көктем-2025» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуының өтуіне байланысты бірнеше қалада сирена қосылады,  деп хабарлайды buginmedia.kz.

Үрейге бой алдырмаңыздар! ТЖМ 11 өңірдің тұрғындарына үндеу жасады Үрейге бой алдырмаңыздар! ТЖМ 11 өңірдің тұрғындарына үндеу жасады
Фото: istockphoto.com

6-7 ақпанда еліміздің оңтүстік және батыс өңірлерінде «Су тасқыны кезеңі жағдайларындағы төтенше жағдайларды жою кезіндегі іс-қимылдарға азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің басқару органдарын, күштері мен құралдарын дайындау» тақырыбы бойынша «Көктем-2025» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығудың 1-ші кезеңі өтеді. 

Оқу үйлестіру және жетекшілік ету жөніндегі республикалық штаб Атырауда орналасады. Оқу-жаттығу шеңберінде екі күн бойы Алматы, Шымкент қалаларында, Алматы, Атырау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Түркістан және Жетісу облыстарында профилактикалық іс-шаралар кешені өткізіледі.

Сонымен қатар «Баршаның назарына!» дабылы бойынша аумақтық деңгейдегі құлақтандыру жүйесінің дайындығын тексеру мақсатында 2025 жылғы 6 ақпанда, сағат 11.00-де барлық дыбыстық электр дабылдары қосылатын болады.

"Осыған орай тыныштық сақтауларыңызды және үрейге бой алдырмауларыңызды сұраймыз", - дейді ТЖМ өкілдері. 

Апта талқысында: