Жаңалықтар

16 жастағы Шерзаттың өлімі: тағы бір күдікті ұсталды

Кәмелетке толмаған Шерзат Полаттың өліміне қатысты қылмыстық істі тергеу барысында 17 қазанда тағы бір күдікті К. есімді азамат ұсталды, деп хабарлайды buginmedia.kz.

«Қазіргі уақытта болған оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған жедел-тергеу іс-шаралар кешені жүргізу жалғасуда. Тергеу барысы Ішкі істер министрінің бақылауында», - деп хабарлайды Алматы облысының полиция департаменті.

Сонымен барлығы 11 күдікті ұсталды. Бұған дейін Шерзат Болаттың өліміне қатысты 10 күдікті ұсталғаны хабарланған болатын.

Еске салсақ, 4 қазан күні Талғар қаласында болған қайғылы жағдай қоғамда үлкен резонанс тудырды. 16 жастағы Шерзаттың өліміне қатысты іс Ішкі істер министрінің жеке бақылауында. Кейін марқұмның отбасы тұратын үйді өртеп жіберді.