Оқиғаға Көлік министрлігінің баспасөз қызметі пікір білдірді.
Ақау Бакуден (Әзербайжан) Ақтауға шыққан ұшақта болған. Әуе кемесінде жолаушылар болмаған.
"Қону штаттық режимде өтті, қонғаннан кейін әуе кемесінің алдыңғы тірегінде (Баку-Ақтау бағыты) ақау туындады", – деп хабарлады ведомство.
Әуежайдың аэродромдық және жердегі қызметтері әуе кемесін ұшу-қону жолағынан сүйреп шығарды.
– Әуежай ашық және штаттық режимде жұмыс істеп тұр, – деп қосты министрлік.
Мәселе Gulfstream жеке ұшағына қатысты болған.
Ұшақтың мұрындық тірегі – бұл әуе кемесінің алдыңғы бөлігінде (фюзеляждың тұмсық жағының асты) орналасқан шасси бөлігі. Ол ұшақтың жер бетінде тұрақтылығы мен басқарылуын, сондай-ақ ұшу мен қону кезіндегі тұрақтылығын қамтамасыз етеді.