Бұл оқиғалар барысында адам шығыны болмағанымен, бірнеше адам жеңіл жарақат алды. деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Канаданың Галифакс әуежайы Air Canada Express-тің PAL Airlines әуе компаниясына тиесілі 2259 рейсімен болған оқиғаға байланысты уақытша жабылды. Бортта 73 жолаушы болған. Ұшақ қону кезінде ұшу-қону жолағында сырғып кеткен. Оқиға орнында ұшақтың кейбір бөліктері өртенгені анықталды. Air Canada-ның өкілі Питер Фитцпатриктың айтуынша, бұл жағдай «шасси мәселесіне» байланысты болған», — деп жазды CBS News басылымы.
Жолаушылар мен экипаж мүшелері эвакуацияланып, әуежайдағы ангарға жеткізілді. Медициналық көмек көрсетіліп, жеңіл жарақат алғандар тіркелді. Әуежай екі сағаттан кейін бір ұшу-қону жолағын қайта ашты.
Екінші оқиға Норвегияда Осло – Амстердам бағытындағы KLM рейсінде тіркелді. Онда 176 жолаушы және 6 экипаж мүшесі болған.
«Ұшақ көтеріле сала, пилоттар гидравликалық жүйеде ақау пайда болғанын хабарлаған. Экипаж шұғыл түрде Торп Сандефьорд әуежайына қайтып, авариялық қону жасауды шешті. Бұл әуежай ұшақтың ұшып шыққан орнынан екі сағаттық қашықтықта орналасқан», — деп жазылған материалда.