Жаңалықтар

Адам өлтіріп, етін жеген әлемдегі ең қатігез қандықол жауыздардың сұмдық оқиғалары

Адамды өлтіріп, етін жеген адамдар қай заманда да болған, деп хабарлайды buginmedia.kz.

Психологтардың айтуынша, қанішерлер психологиялық ауытқуға ұшыраған адамдар. Жастайынан белгілі-бір зорлық-зомбылыққа душар болған, қатігездік көріп өскендер.

Қанішер клоун

1994 жылы Клоун лақап атты қанішер өлім жазасына екпе егу арқылы қайтыс болды. Оның шын есімі Джон Вейн Гейси. Бұл маньяк балалардың мереке, кештерінде жұмыс істеп сол жерде оларға көз тастап отырған. 33 баланы зорлап, өлтірген. Олардың 27-сі қылмыскердің жертөлесінде табылса қалғандарын суға батырып өлтірген екен.

Индонезиялық Ахмад Сураджи

Ахмад Сураджи – индонезиялық маньяк 42 әйелді өлтірген. Барлығын бірдей тәсілмен: жерге көміп тек басын қалдырған да, қылқындырған. Азаптанған әйелдің аузынан аққан сілекейді ішіп отырған. 2008 жылы ату жазасына кесілген.

«Потрошитель» лақап атымен белгілі Андрей Чикатило

Посткеңестік кезеңдегі ең жауыз қанішер аталған. Оның қолынан 12 жылда 52 адам қаза тапқан. 1994 жылы атылды.

Адам жегіш қанішерлер

Николай Джумагалиев

Ол адам жегіш қандықол қылмыскерлердің ішіндегі ең атақтысы десек қателеспейміз. 1990 жылы Алматы да тұрған, жұмыс істеген. 47 адамды өлтірсе де, тек 10-ы ғана дәлелденген. Джумагалиевтің өзі 50-ге жуық  жезөкшелерді жегенін мойындаған. Олардың етінен тамақ әзірлеп, достарына да осы тамақты берген екен. 8 жылға ауруханаға емделуге жіберілді. Алайда кейіннен қылмыскер бостандыққа шыққан.

Иссей Сигава

Жапондық адам жегіш жастайынан дұрыс қалыптаспай толықтай жетілмегендігін өзінің әрекеттерімен дәлелдей бастаған. Студент шағында өзінің курстас қызын үйіне шақырған да атып өлтірген. Одан соң 2 күн бойы оның етін жеген. 2 жылға бас бостандығынана айырылған ол кейіннен ауруханаға жатқызылды. Кейінен Сагава ақыл-есі дұрыс деп танылып бостандыққа шығады. Арада біраз уақыт өткен соң ол ресторандық сыншыға айналады. Бүгінде ол кітап жазып, сұхбат беріп танымал тұлғаға айналды.

Қанішерлер туралы айтқанда әдетте ер адамдарды елестетеміз. Алайда тарихта сұмдық қатігездігімен танылған қанішер әйелдер де бар.

Жесір әйел

19 ғасыр мен 20 ғасыр аралығында өмір сүрген бұл әйел өзінің жақындары мен туысқандарын о дүниеге аттандырған. Оның қолынан бірнеше күйеулері мен балалары қаза тапқан.

Джейн Топан

Медбике қызметінде болған Джейн Топан өзінің емделушілерін өлтірген. Балалар үйінен шыққан ол жоқсыздықта өмір сүрген, әкесі де ауру болған екен. Адамдарға есірткі салып өлтіретін болған. Осыдан ләззат алатынын мойындаған. Сараптамада Джейннің ақыл-есі дұрыс еместігі дәлелденген.

Қанды графиня

Элизабет Батори қолынан 30-650 адам өлген. Аңыздарға сүйенсек, ол өзінің құрбандарының қанында шомылған екен. Өмір бойы жас болып қалғысы келген ол тек қыздарды өлтірген.

Аталған қанішерлердің барлығы өмірде болған, біз тыныс алған ауамен олар да тыныстаған. Бүгінгі күні де қанішерлер, маньяктар, адам өлтіретін жауыздар өте көп. Олардың бірін білсек, бірін білмейміз. Әрине көпшілік қандықолдардың психологиялық ауру екеніне еш күмән жоқ, алайда кейбіреулері осы қылмыстардың барлығын өзінің жеке басының қажеттелігі мен ләззаты үшін жасағандығы жаға ұстатады.

Дереккөз: qamshy.kz