Бала зорламақ болған әскери қызметші ұсталды
Қорғаныс министрлігінің әскери қызметшісі кәмелет жасына толмаған жасөспірімді зорламақ болған, деп хабарлады buginmedia.kz.
Бұл ақпаратты Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі растады.
"Кәмелетке толмаған жасөспірімге қатысты жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қылмыстық құқық бұзушылық жасады деген күдікпен сот санкциясымен оқуда жүрген Қорғаныс министрлігі ақмолалық гарнизонының әскери қызметшісі ұсталып, қамауға алынды", — делінген министрлік таратқан хабарламада.
Қазір тергеу амалдары жалғасып жатыр.
Сондай-ақ, Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-процессуалдық кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жариялауға жатпайтынын еске салды.