Шоу-Бизнес

“Қайғыруға рұқсат беріңіздер“: Актер Шәріп Серік сәтсіздікке тап болғанын айтты

Танымал қазақстандық актер Шәріп Серік жақында үйленейін деп жүрген сүйіктісімен ажырасып кеткенін айтты, деп хабарлайды buginmedia.kz Massaget.kz-ке сілтеме жасап.

Жақында берген сұхбатында актер сүйіктісін анасымен таныстырып қойғанын айтқан болатын. Ол сүйіктісі бар екенін 2024 жылдың маусым айында жариялаған еді. Желіде туған күнімен құттықтап, бірге түскен суреттерін де жиі бөлісетін. Жабық көрсетілімдер мен кештерге де бірге келетін. 

Осыдан екі апта бұрын жұлдызды жұп бақытты екендерін айтып, Revue news бағдарламасына сұхбат та берген болатын. 

Актер Шәріп Серіктің сүйіктісі блогер Әлия Ботеева сұхбат кезінде жігітін қызғанатынын айтқан еді. 

"Мен онымен мақтанамын. Білемін, жұмысы оңай емес. Мұндай әдемі жігітті қалай қызғанбауға болады? Әрине, бұл оның жұмысы болғандықтан актриса қыздардан қызғанбауға тырысамын, бірақ бәрібір ішімнен біртүрлі боламын", - деген еді Әлия Ботеева. 

Көп уақыт өтпей актер сүйіктісімен айырылысып кеткенін мәлімдеді. 

"Талай жақсы күнді басымыздан өткердік. Тағдыр сені маңдайыма жазбаған шығар. Жоспарымыз көп еді", - деп жазды ол әлеуметтік желідегі парақшасында.

Актердің бұл жағдайды ауыр қабылдап, қайғырып жатқаны байқалады. 

"Жазбам үшін кешірім сұраймын. Кішкене қайғыруға рұқсат беріңіздер. Бұнымен өмір тоқтап қалмайтынын білемін. Бірақ бір сәтте ауыр болды", - деп жазды ол. 

Алайда арада көп уақыт өтпей, жазғандарын дереу өшіріп тастады. 

Еске салайық, актер Шәріп Серік Say Mo-мен үйленгеннен кейін бір ай болмай жатып ажырасып кеткен болатын.