Жаңалықтар

Үш өңірде көлік қозғалысына шектеу қойылды

Ауа райының қолайсыздығына байланысты еліміздің үш өңірінде көлік қозғалысына шектеу қойылды, деп хабарлайды buginmedia.kz "ҚазАвтожолға" сілтеме жасап.

Қарағанды облысы:

2024 жылғы 14 желтоқсанда сағат 20:00-де ауа райының бұзылуына байланысты Астана-Қарағанды-Алматы автожолының 1353-1426 шақырым аралығында (Ақмола облысының шекарасынан Теміртау төлемақы алу пунктіне дейін) көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылады.

Қызылорда-Павлодар автожолының 970-1135 шақырым аралығы, Қарағанды қаласы - Павлодар облысының шекарасы.

Қарағанды-Аягөз-Бұғаз автожолының 17-217 шақырым аралығы, Қарағанды қаласы - Қарқаралы қаласына дейін.

Қалқаман-Баянауыл-Үміткер-Ботақара автожолының 231-324 шақырым аралығы, Павлодар облысының шекарасы -Ботақара ауылы.

Ақмола облысы:

2024 жылғы 14 желтоқсанда сағат 20:00-де Қарағанды облысында ауа райының бұзылуына байланысты Астана-Қарағанды-Алматы автожолының 1291-1353 шақырым аралығында (Жібек Жолы төламқы алу пунктінен Қарағанды облысының шекарасына дейін) көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылады.

Павлодар облысы:

Қызылорда-Павлодар автожолының 1135-1206 шақырым аралығы, Қарағанды облысының шекарасы - Шідерті ауылы.

Қалқаман-Баянауыл-Үміткер-Керней-Ботақара» автожолының 137-231 шақырым аралығы, Павлодар облысының шекарасы -Баянауыл ауылы.

Жолды 2024 жылғы 15 желтоқсан сағат 08:00-де ашу жоспарланған.