Шоу-Бизнес

«Бекем бол» деген сөздер көмектеспейді»: Ләйлә Сұлтанқызы қазіргі жағдайы туралы айтты

Танымал тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы күйеуі қайтыс болғаннан кейінгі жағдайын айтты, деп хабарлайды buginmedia.kz. 

Ләйлә Сұлтанқызы Instagram парақшасында желі қолданушыларының сұрақтарына жауап берді.

«Қазаны ұмыту, жалғыздықты жеңудің нақты бір формуласы жоқ. «Бекем бол», «Мықтысың» деген сөздер көмектеспейді. Менің мұңымды сәл де болсын жеңілдететін – Аллаға деген сенім, тәуекел, балаларымның болашағы және сүйікті жұмысым. Бірақ кейде бос уақыт жаныңды жейді», - деп жазды Ләйлә Сұлтанқызы.

Еске салайық, 2022 жылы 6 қарашада "Оқжетпес" емдеу-сауықтыру кешені АҚ президенті Қайрат Беркінбаев өмірден өтті.