Көктайғақ, тұман, жел: 14 желтоқсанға ауа райы болжамы жарияланды
"Қазгидромет" РМК Қазақстан аймақтарында 2024 жылғы 14 желтоқсанда болатынқауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжау консультациясын жариялады, деп хабарлайды buginmedia.kz.
Ел аумағының басым бөлігіне циклон ойпаты әсер етеді және атмосфералық фронттардың өтуімен жаңбыр мен қар түрінде жауын – шашын болады, облыстың батысында-қар, түнде оңтүстік – батыста қалың қар болады. Елдің оңтүстік-шығысында, шығысында ғана антициклон сілемінің әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Республика бойынша көктайғақ, қарлы тұман, желдің күшейуі күтіледі.
Жетісу облысының Алакөл көлдері ауданында 30 м/с және одан да аса өте қатты жел соғады.