Жаңалықтар

13 желтоқсанға ауа райы болжамы жарияланды

"Қазгидромет" РМК Қазақстан аймақтарында 2024 жылғы 13 желтоқсанда болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжау консультациясын жариялады,  деп хабарлайды buginmedia.kz.

Атмосфералық фронттардың өтуімен еліміздің басым бөлігінде жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын болады, облыстың солтүстігінде қарлы боран болады. Тек елдің оңтүстік-шығысында, шығысында антициклон сілемінің әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Республика бойынша тұман, жел күшейеді, батыста, солтүстік-батыста-көктайғақ күтіледі.

Жетісу облысының Алакөл көлдері ауданында 30 м/с және одан да көп қатты жел соғады.