Әлемде

Сирияда содырлар Башар Асадтың әкесі жатқан зиратты өртеп жіберді

Сириялық көтерілісшілер Сирияның Кардах қаласындағы Хафез әл-Асад кесенесін қиратты. Бұл туралы BBC мәлімдеді,  деп хабарлайды buginmedia.kz.

Қарулы көтерілісшілер мен бейбіт тұрғындар ақсақал Асадтың мәйіті бар табытқа от қойып, процесті фото және видеоға түсірді. Бұрынғы басшының денесі де табытпен бірге өртеніп кеткен.

Кесенеде Хафездің әйелі Аниса мен билікті мұрагер ету керек болған, бірақ 1994 жылы жол апатынан қайтыс болған үлкен ұлы Базилдің бейіттері де бар. Олардың бейіттерінің тағдыры белгісіз.

Айта кетелік, Хафез әл-Асад 1970 жылы әскери төңкеріс нәтижесінде билікке келді және 2000 жылы қайтыс болғанға дейін Сирияны басқарды.