Қаржаубай Нұрымовтың адвокаты мәлімдеме жасады
Шерзат Полаттың әкесі Қаржаубай Нұрымовқа қатысты тергеу ісі басталды, деп хабарлайды buginmedia.kz.
Orda.kz жазуынша, Қаржаубай Нұрымовтың адвокаты полицияның өтірік айтқанын мәлімдеді.
Отбасының адвокаты Асқар Қаймақовтың мәлімдемесіне қарасақ, Қаржаубай Нұрымовқа қатысты тергеу амалдары басталып, оған «Басқа біреудің мүлкін қасақана жою немесе бүлдіру» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған.
«Талғар оқиғасына қатысты бірнеше маңызды мәлімдеме жасауды қажет деп санаймын. Біздің өкілдер полициядан Қаржаубайды ұстауды сұрамады. Марқұм Нұрқанаттың жеке хат-хабарларын жариялауға туыстары келісім бермеді. Қаржаубайға 15 тәулікке қамау тағайындаған сот қаулысы заңсыз деп санаймыз. Сот барысында өрескел заңбұзушылықтарға жол берілді. Бұл шешімді апелляциялық тәртіпте шағымдандық. Бүгін Қаржаубай Нұрымовқа қатысты полиция ҚР ҚК 202-бабы («Басқа біреудің мүлкін қасақана жою немесе бүлдіру») бойынша досудьялық тергеу бастады», — деп жазды адвокат.