Аймақ

Алматыда қатарында ПОП-ММА спортшылары бар қылмыстық топ ұсталды

Алматы қаласының Полиция департаменті ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетімен бірлесіп, Алматы қаласы мен Алматы облысы аумағында кәсіпкерлерден ақша бопсалаумен айналысқан қылмыстық топты ұстады,деп хабарлайды buginmedia.kz

Полиция мәліметіне сәйкес, қылмыстық топтың құрамында еліміздің ПОП-MMA спортшылары да болған.

«Қазіргі уақытта олардың басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатысы анықталып жатыр. Ұсталғандарға қатысты «қамау» түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды. Тергеуді Алматы қалалық ПД ТБ жүргізіп жатыр», - деп хабарлады қалалық ПД баспасөз қызметі.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Алматы қаласының ПД (@almaty_police_department)