Тұман түсіп, бұрқасындатады: 11 желтоқсанға ауа райы болжамы жарияланды
"Қазгидромет" РМК Қазақстан аймақтарында 2024 жылғы 11 желтоқсанда болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжау консультациясын жариялады, деп хабарлайды buginmedia.kz.
Атмосфералық фронттардың өтуімен елдің батысында, солтүстігінде, орталығында қар, солтүстігінде қарлы бұрқасын болжанады. Елдің оңтүстігінде, шығысында антициклон сілемінің әсерінен жауын-шашынсыз ауа-райы сақталады.
Республика бойынша тұман, солтүстігінде, шығысында, орталығында желдің күшеюі күтіледі.