Мәдениет

«Қан түкіріп жатырмын»: Марқұм Айдос Тоқтарбайдың соңғы видеосы тарады

«Буынсыз адам» атанған цирк әртісі марқұм Айдос Тоқтарбайдың өмірінің соңғы сәтіндегі видеосы тарады, деп хабарлайды buginmedia.kz.

«Буынсыз адам» атанған цирк әртісі марқұм Айдос Тоқтарбайдың өмірінің соңғы сәтіндегі видеосы тарады.

Ол видеода қан түкіріп отырғанын айтқан. Сөзінше, ішкі құрылысына зақым келген.

«Тамақты көрдіңіздер ме? Кеше тойда қылыштың ұшымен кесіп алдым. Қан түкіріп жатырмын, кәдімгідей. Температурам көтеріліп тұр», – деп айтқан марқұм соңғы бейнежазбасында.

Айдос Тоқтарбай соңғы жылдары цирк өнерінен жырақтап, жиһаз жасаумен айналысып жүрген.

Айта кетейік, бұған дейін «Буынсыз адам» атанған Айдос Тоқтарбайдың өмірден өткені туралы жазған болатынбыз.

 

@kznews.kz Жазушы Бейбіт Сарыбай “буынсыз адам” деп танылған цирк әртісі Айдос Тоқтарбайдың неден көз жұмғанын айтты. “Цирк өнерінде қайталанбас трюктер жасап жүретін Айдос Тоқтарбай құрдасым өмірден озыпты. Өкінішті. Көрген адамның өзі қорқып отыратын қорқынышты трюк ажалына себепкер болыпты. Ақкөңіл, аңқылдаған қайран дос. Сен де көштің бе бұл жалғаннан?! Жаның жәннатта болсын, мейірімі шексіз Алла алдыңнан жарылқасын. Көрмеген көшеңнен қорықпа, бабаларың кеткен жақ. Туыстарына көңіл айтамын”, – деді жазушы.#жаңалықтар #новости ♬ оригинальный звук - Соңғы жаңалықтар