Доллар бағамы 1,50 теңгеге арзандады
KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша доллар бағамы 1,50 теңгеге арзандады, деп хабарлайды buginmedia.kz.
Бір АҚШ долларының орташа бағамы — 508,05 теңге.
Ұлттық банктің 10 желтоқсанға арналған ресми бағамы — 1 долларға 510,08 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны — 5,15 теңге. Еуро — 539,61.
Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 511,1 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы — 516 теңге. Еуро 536,5 — 543,5 теңге аралығында құбылып тұр.
Ал Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы — 509 теңге, сатып алу құны — 516 теңге. Еуро 535 теңгеден сатылып, 545 теңгеден сатып алынады.
Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 5,05 — 5,15 аралығында саудаланып жатыр.