Жаңалықтар

10 желтоқсанға ауа райы болжамы жарияланды

"Қазгидромет" РМК Қазақстан аймақтарында 2024 жылғы 10 желтоқсанда болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжау консультациясын жариялады, деп хабарлайды buginmedia.kz.

Атмосфералық фронттардың өтуімен елдің солтүстігінде, шығысында, оңтүстік-шығысында қар, солтүстігінде қарлы бұрқасын болжанады. Елдің батысында, оңтүстігінде антициклон сілемінің әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.

Республика бойынша тұман, жел күшеюі күтіледі.