Астанада тағы бір жолаушылар автобусы өртенді
Бүгін Байқоңыр ауданында А.Бараев көшесі бойында маршруттық автобустың шатыры өртенді, деп хабарлайды buginmedia.kz.
"Өрт туралы хабарламаны қабылдау және өңдеу, өрт орнына шығу, өртті барлау, күштер мен құралдардың қанатын жаю, сондай-ақ жануды сөндіруге ТЖМ-нің кәсіпқой командасына небәрі 9 минут қажет болды", - делінген хабарламада.
ТЖМ өрт туындаған жағдайда дереу 112 нөміріне қоңырау шалу қажет екенін еске салады.