Білім

Астанада ертең бірінші ауысымдағы бастауыш сынып оқушылары қашықтан оқиды

Дүйсенбіде Астанада бірінші ауысымдағы бастауыш сынып оқушылары қашықтан оқиды, деп хабарлайды buginmedia.kz.

"2024 жылғы 9 желтоқсан күні ауа райының қолайсыздығына байланысты бірінші ауысымның 0-4 сынып оқушылары қашықтан оқыту форматына ауыстырылады", - делінген Астана қаласының Білім басқармасы хабарламасында.