Білім

Шымкентте мектептің бас есепшісі 5,1 миллион теңге жымқырғаны үшін сотталды

Шымкентте мекеменің бухгалтері қызметтік жағдайын пайдаланып, ай сайын өзінің есепшотына белгіленген мөлшерден артық ақша аударып отырған.

Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының үкімімен №96 М.Әуезов атындағы орта мектептің бас бухгалтері сеніп тапсырылған бөтен мүлікті жымқырғаны үшін 3 жылға бас бостандығынан айыруға сотталды, деп хабарлайды buginmedia.kz.
Мекеменің бухгалтері қызметтік жағдайын пайдаланып, ай сайын өзінің есепшотына белгіленген мөлшерден артық ақша аударып отырған.
Барлығы 5,1 млн теңге сомасында аударым жүргізілген.
Аталған факті бойынша тұлға өз кінәсін толық мойындауына байланысты сотпен аталған қылмыстық құқық бұзушылық үшін көзделген жазадан гөрі неғұрлым жеңiл жаза тағайындалды.
Келтірілген шығын мемлекет бюджетіне толық көлемде қайтарылды.