Жаңалықтар

Тұман, көктайғақ, бұрқасын: 7 желтоқсанға ауа райы болжамы жарияланды

"Қазгидромет" РМК Қазақстан аймақтарында 2024 жылғы 7 желтоқсанда болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжау консультациясын жариялады, деп хабарлайды buginmedia.kz.

Атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуімен республика аумағының басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады, қар жауады, еліміздің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында жауын-шашын жаңбыр және қар түрінде жауады. Тек Қазақстанның батысында, оңтүстік-батысында жоғары атмосфералық қысым аймағының әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.

Республика бойынша тұман, көктайғақ, желдің күшеюі болады, солтүстікте, шығыста және орталықта бұрқасын күтіледі.