Жаңбыр, қар, көктайғақ: алдағы үш күнге ауа райы болжамы жарияланды
"Қазгидромет" РМК 17-19 қазанға ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды buginmedia.kz.
Республиканың басым бөлігінде атмосфералық фронттардың өтуімен жауын-шашын болжанады: 17 қазанда оңтүстік-шығыстың таулы аудандарында жаңбыр мен қар түрінде қатты жауын-шашын күтіледі; батыс өңірлерде жаңбыр, 18 қазанда қатты жаңбыр жауады, күндіз найзағай болады. Тек еліміздің солтүстік аймақтарына суық антициклон әсер етуді жалғастырады, сол себептен жауын-шашынсыз ауа райын сақтайды және ауа температурасының жоғарылауына әкеледі.
Республика бойынша жел күшейеді, түнде және таңертең тұман түседі, таулы аудандарда көктайғақ болжанады.