Экономика

Бүгін доллар күрт арзандады

Қазақстан қор биржасындағы сауда-саттық қорытындысы бойынша доллар күрт арзандады,  деп хабарлайды buginmedia.kz.

KASE Қазақстан қор биржасындағы күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа өлшенген бағамы 514,65 теңгені құрады. Қазір Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар орташа есеппен 512 теңгеге сатып алынады, 516,5 теңгеге сатылады. Астанада бағам сәл өзгеше – доллар 512 теңгеге сатып алынады, 522 теңгеге сатылады.

Бірер күн бұрын доллар ақша айырбастау пункттерінде 530 теңгеге дейін қымбаттаған болатын.