Мәзір
5 желтоқсан, 2024 / BuginMedia / Аймақ

Атырауда 44 күн іздестірілген 23 жастағы қыздың денесін іздеу жұмыстары тоқтатылды

Атырау облысының құтқарушылары 23 жастағы Яна Легкодимованың денесін іздеу жұмыстарын тоқтататынын мәлімдеді, деп хабарлайды buginmedia.kz.

Атырауда 44 күн іздестірілген 23 жастағы қыздың денесін іздеу жұмыстары тоқтатылды Атырауда 44 күн іздестірілген 23 жастағы қыздың денесін іздеу жұмыстары тоқтатылды
Фото: azh.kz

“Ақ Жайық” басылымының жазуынша, бойжеткен 18 қазан күні кешкі сағат он бірлерде белгісіз жағдайда жоғалып кеткен.

Полиция күдікті ретінде екі жігітті ұстады. Олар қызды өлтіріп, Жайық өзеніне лақтырып жібергенін айтқан.

Құтқарушылар 44 күн бойы іздеу жұмыстарын жүргізді. Алайда өзен бетіне мұз қатуы себепті іздеу жұмыстарын тоқтатуға мәжбүр.

«22 қазан мен 4 желтоқсан аралығында іздеу жұмыстары жүргізілді. Іздеу жұмысына 20-дан астам қызметкер, бес техника, жеті су асты құрылғысы мен ұшқышсыз ұшатын аппараттар жұмылдырылды», - деді облыстың Төтенше жағдайлар департаменті.

Алайда ешқандай нәтиже болмаған. Күн суытып, су асты көлігінің жұмысына кедергі келтірген.

Апта талқысында: