Әлеумет

Ақын Қасым Аманжоловтың қызы қайтыс болды

Ақын Қасым Аманжоловтың қызы Дариға Қасымқызының өмірден өтті. Қаралы хабарды ақын Жанат Жаңқашұлы естіртті,  деп хабарлайды buginmedia.kz.

"Дауылпаз ақын Қасым Аманжоловтың қызы Дариға апамызға уақыт болыпты деген хабар алып отырмыз. Алла панасына алсын апамызды! Жаны жәннаттық болғай!", - деп жазды ол. 

Дариға Қасымқызы 1946 жылы 4 қарашада Алматы қаласында туған.

Қазақ Мемлекеттік Университетінің филология факультетін тәмәмдаған. Отыз жылдан астам уақыт бойы Мемлекеттік кітап паласында қажырлы еңбек етті. Әкесі Қ.Аманжоловтың әдебиеттегі ізін жалғастырып, прозалық шығармалар жазған көрнекті қаламгер, музыкалық аспаптарда шебер ойнаған әнші, сазгер.

Дариға Қасымқызы өмірінің соңына дейін асыл әкеден қалған шығармашылық мұраларды көзінің қарашығындай сақтаған, әке аманатына адал болды.