Экономика

Ұлттық банк басшысы доллардың қымбаттауына қатысты болжамын айтты

Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов Сенаттың пленарлық отырысында теңгенің әлсіреуі инфляцияға әсер ететінін айтты,  деп хабарлайды buginmedia.kz.

"Жақында АҚШ долларына қарсы теңге әлсіреді. Бұл қосымша инфляциялық фактор. Бұл инфляциялық күтулерге әсер етеді", – деді Ұлттық банк басшысы.

Сондай-ақ ол Сенат кулуарында журналистердің "доллар бағамы 600 теңгеге жете ме?"  деген сауалына жауап берді.

“Менің ойымша, қазіргі экономикалық жағдайда мұндай болмайды. Бізде нарықтық бағам түзілімі жүріп жатыр. Нарық өз тепе-теңдігін тапты. Егер сыртқы факторлар өзгермесе, доллардың осы бағамы сақталады”, – деді Тимур Сүлейменов.

Айта кетейік, бұан дейін 5 желтоқсанға арналған валюта бағамын жариялаған болатынбыз.