Бұрқасын соғып, көктайғақ болады: 5 желтоқсанға ауа райы болжамы жарияланды
"Қазгидромет" РМК Қазақстан аймақтарында 2024 жылғы 5 желтоқсанда болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжау консультациясын жариялады, деп хабарлайды buginmedia.kz.
Атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуімен Қазақстан аумағының басым бөлігінде тұрақсыз ауа-райы күтіледі, еліміздің солтүстігінде, солтүстік-батысында, орталығында қар, оңтүстік-батысында аздаған жауын-шашын жаңбыр және қар түрінде күтіледі.
Республикамыздың батысында, оңтүстігінде, шығысында, солтүстік-шығысында жоғары атмосфералық қысым әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.
Республика бойынша тұман, оңтүстік-шығыста, солтүстікте желдің күшеюі, солтүстікте бұрқасынмен жел күтіледі. Еліміздің батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде көктайғақ болады.