Жаңалықтар

Астанада Министрліктер үйінің жанында автобус өртенді

Астанада Министрліктер үйінің жанында қалалық автобус өртенді. Оқиға орнына өрт сөндірушілер келді. Желіде оқиға орнынан фотолар мен видеолар пайда болды,  деп хабарлайды buginmedia.kz.

"Осы минуттарда елордалық өрт сөндірушілер Есіл ауданы Мәңгілік ел даңғылында автобустың жануын сөндіруде", - делінген хабарламада.

Оқиғаның мән-жайы анықталуда. Зардап шеккендер туралы 112-ге ақпарат түскен жоқ.