Бокстан АЧ: бес баланың анасы Әйгерім Сәттібаева жартылай финалға шықты
Таиланд корольдігінің Чиангмай қаласында бокстан ерлер және әйелдер арасында өтіп жатқан Азия чемпионатында Әйгерім Сәттібаева жартылай финалға жолдама алды, деп хабарлайды buginmedia.kz.
Әйгерім 48 келіге дейінгі салмақта филиппиндік Офелия Маньомен қолғап түйістірді.
Жекпе-жек тартысты өтіп, төрешілер шешімімен жеңіс Ә.Сәттібаеваға берілді.
Ә.Сәттібаева – белгілі боксшы, Азия чемпионы, Рио Олимпиадасына қатысқан Олжас Сәттібаевтың зайыбы, бес баланың анасы. 2010 жылы Азия чемпионатының қола жүлдегері атанған Әйгерім спортқа ұзақ үзілістен кейін өткен жылы оралған еді.