Жаңалықтар

4 желтоқсанға ауа райы болжамы жарияланды

The final spritzer

"Қазгидромет" РМК Қазақстан аймақтарында 2024 жылғы 4 желтоқсанда болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжау консультациясын жариялады, деп хабарлайды buginmedia.kz.

Атмосфералық фронттардың өтуімен Қазақтан аумағының басым бөлігінде ауа райының тұрақсыз сипаты күтіледі, шығыс өңірлерде қар, солтүстікте, солтүстік – батыста, орталықта-аздаған қар, батыста, оңтүстікте жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын күтіледі.

Республиканың оңтүстік-батысында, оңтүстік-шығысында жоғары қысымды өрістің әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Республика бойынша тұман, солтүстікте, оңтүстік-шығыста – желдің күшеюі, батыста, солтүстік-батыста, шығыста – көктайғақ күтіледі.