«Үйіңді көрсетпе деді»: Мақпал Жүнісова күйеуге шығу туралы айтты
Танымал әнші Мақпал Жүнісова құрылысы біткен үйінің алдын сыпырып жүріп, қазіргі жастардың жұмысқа қыры жоқ екенін айтты, деп хабарлайды buginmedia.kz.
Өнер иесі ата-анасы жастайынан еңбекке баулығанын айтады.
"Шешеміз екі аяғымызды бір етікке тығатын. "Ей қыз, тұр орныңнан" деп айтқанда жүгіріп кететін едік. Содан жаман болған жоқпыз. Қазіргі жастар тез шаршап қалады. 4-5 кесе мен 2-3 тәрелке жуса, шаршайды. Баяғыда әке-шешеміз жастайымыздан еңбекке баулушы еді. Қазіргі жастарды "жалғызым, демалсыншы, шаршап қалмасыншы" деп шығады", – деді Жүнісова.
Әнші жөндеу жұмыстары жасалған үшқабатты үйін көрсете алмайтынын айтты.
“Шешем тіл-көз бар, үйіңді көрсетпе” деді, сол үшін көрсете алмаймын. Бірақ толық аяқталды. Күйеуге шығу туралы айтсам, еңбекқор адам болып жатса көрерміз. Бір жатыпішер кездеспесе болғаны”, – деп жазды халық әртісі.