Жаңалықтар

Маңғыстау облысында 4,2 балдық жер сілкінісі болды

Дүйсенбі, 2 желтоқсанда Маңғыстау облысында 4,2 балдық жер сілкінісі болды, деп хабарлайды buginmedia.kz Lada.kz-ке сілтеме жасап.

volcanodiscovery.com мәліметінше, жер сілкінісі Ақтаудан 79 шақырым жерде 14:48-де 10 шақырым тереңдікте болды. 

Жер сілкінісін Түпқараған ауданы және Шетпе ауылының тұрғындары сезген.