Жаңалықтар

Сәбит Мұқановтың қызы қайтыс болды

Қазақ әдебиетінің классигі Сәбит Мұқановтың қызы Баян Мұқанова өмірден өтті,  деп хабарлайды buginmedia.kz Qazaqstan телеарнасына сілтеме жасап.

Бұл туралы С.Мұқанов пен Ғ.Мүсіреповтің әдеби-мемориалдық музей кешені мәлім етті.

Сәбит Мұқанұлы Мұқанов – қазақтың әйгілі жазушысы, ақыны, қоғам қайраткері, Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі және 1943-1952 жылдары Қазақстан Жазушылар Одағының төрағасы болған.